basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне қатысты

Қыркүйек 27, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне қатысты
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне қатысып, барша қала тұрғындарын 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні мерекесімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері болуы тиіс екендігін айтты. Әлемдегі көптеген қалалардың экономикасы туризм табысынан құралады. Осы мүмкіндік Шымкент қаласының даму бағдары болуы керек. Туристік креативті қала қалыптастыру бойынша бүгінгі форум-көрмеде қаламызда туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Қала аумағында ежелгі Сайрам тұрғын алабында сопылық ілімнің негізін қалаушы Қ.Ясауидің туған жері, сондай-ақ ата-анасы «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірінің тарихи-сакралды туризміне саяхат Шымкент қаласынан бастау алады»,- деді М.Әйтенов.

Форумда креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Данат Жумин, «Salem Coffee» және «Global Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Аят Азимов, Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және басқа да туристік қызмет көрсететін кәсіп өкілдері жетістіктерін айтып, идеяларымен бөлісті.

Іс-шара аясында қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ арасында, сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз туризм», «OCA TRAVEL» туристік агенттігі арасында екі жақты келісімге қол қойылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Биыл ашылған мектептер циклі: «Ali-T» ағылшын бастауыш мектебі

Next Post

Шымкентте ауыл шаруашылығы техникалары мемлекеттің қолдауымен жаңартылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі