basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қарапайым заттар экономикасы жобаларын субсидиялау бойынша көш басында

Қыркүйек 29, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қарапайым заттар экономикасы жобаларын субсидиялау бойынша көш басында
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдады.

Қарапайым заттар экономикасын дамыту – бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, бәсекеге қабілетті өндірістер құру. Ең бастысы импортты отандық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен алмастыру.

Қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 50,6 млрд теңге болатын 65 жоба қаржыландырылғанын айтты. Осының нәтижесінде мыңнан аса жұмыс орны ашылған.

Оның айтуынша, қалада биылғы жылы аталған бағдарлама бойынша 80 жобаның банк несиелерін субсидиялау және 20 жобаны кепілдендіру жоспарланып, бұл мақсатқа 83,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Бағдарламаға қатысуға 84 кәсіпорын өтінім білдірген. Оның ішінде бүгінде 65 жоба қаржыландырылса,  қазір екінші деңгейдегі банктерде 4,2 млрд теңге сомасындағы тағы бес жоба қарастырылуда.

Қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев  Шымкент қаласы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаларды субсидиялау бойынша Алматыдан кейін екінші орында екенін айтты.

Сонымен бірге ол екі ай бұрын осы бағдарламаға түзетулер енгізіліп, онда қолдауға жататын басым қызмет түрлері мен тауарларды кеңейту, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосу көзделгенін айтып өтті.

Бағдарламаның арқасында 2025 жылға қарай кредиттелетін тауарлар бойынша импорт үлесі 59 пайыздан 37 пайызға дейін төмендеп, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат ӘйтеновҚасым-Жомарт Тоқаев
Previous Post

Білім: Авторлық жобасы арқылы бүлдіршіндерді кітапқа баулыған

Next Post

Шымкент қаласында эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі