Шымкент қаласында биыл энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары көктемгі және күзгі мезгілде жалпы 193 846 бас ауыл шаруашылығы жануарларына бүрку және 204 380 бас тоғыту, 3 922 000 шаршы метр қора жайлар мен 751 500 шаршы метр буферлік аумақтарға және 3 983 428 шаршы метр саябақтар мен гүлзарларға қарсы залалсыздандыру жоспарланған.
Қала бойынша көктемгі энзоотиялық ауруларға қарсы 96 923 бас ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку және 102 190 бас тоғыту, 1 950 000 шаршы метр қора жайлар мен 375 750 шаршы метр буферлік аумақтарға сонымен қатар, 1 991 714 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарларға кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес толығымен жүргізілді.
Күзгі энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар тамыз, қыркүйек айларында (45 күн ішінде ) жүргізіледі. Қазіргі уақытта 21 494 бас ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку және 566 503 шаршы метр қора жайлар мен 61085 шаршы метр буферлік аумақтарға кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес толығымен жүргізілуде. Аталған жұмыстар әліде жалғасын табуда.