2021 жылғы 27-28 қыркүйек күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Біркөлік Айса» демалыс аумағында «Шымкент жастары еріктілік- өзін-өзі басқару» тимбилдинг оқу жаттығу жобасы өткізілді. Оқу жаттығу жобасының мақсаты – жастар арасында волонтерлік қозғалысқа деген қызығушылығын арттыру, волонтерлік ұйымдар арасындағы әріптестік байланысты нығайту, қаладағы ерікті топтардың басын қосатын ортақ алаңша қалыптастыру, олардың білімдері мен көшбасшылық қабілеттерін арттыру. Аталмыш жобаға жоғарғы және орта арнулы оқу орындарынан 150 жуық жас қатысты. Оқу-жаттығу барысында жастармен квест ойындары, семинар-тренингтер өткізілді. Сонымен қатар жобаға қатысушы жастармен Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов,Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаевпен кездесу кеші өтті.