basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы қабылданған

Қазан 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы қабылданған
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков «Отырар»  телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар сұрақтарды телеарнаның байланыс нөмірі мен «Whats Aap»  және «Instagram» желілері арқылы жолдады. Эфир барысында тұрғындардан түскен өзекті мәселелердің дені әлеуметтік сала мен қаладағы тозығы жеткен үйлерге қатысты болды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлердің алдағы күйіне алаңдаулы.

–Тозығы жеткен үйлер қазіргі таңда өзекті мәселе. Оларды сүріп, тұрғындарын көшіру бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы қабылданған. Алайда, көп адамдар үйренген жерінен көшуге келісе бермейді. Сол себепті ортақ шешім қабылдап, халықтың қамы үшін құрылыс кезінде  тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету немесе орнына тең пәтермен қамту шаралары қарастырылуда, -деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Қазіргі таңда, қалада 2 296 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарына дейін салынған 107 үй техникалық зерттеу қорытындысы негізінде тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үй ретінде сүруге ұсынылған. Е.Білісбековтың сөзінше, бүгінде арнайы бағдарлама аясында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан бұл іске инвесторларды тарту жұмыстары да жүргізілуде.

Бір сағатқа созылған эфирде әкім орынбасары өзі жетекшілік ететін тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмысын қысқаша баяндап,  көрермендердің сұрақтарына толық жауап беруге тырысты. Сонымен қатар, әкім орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке қабылдауы алдын-ала жазылу бойынша, аптаның бейсенбі және жұма күндері онлайн түрде қабылдайды.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте бейнебақылау камераларының саны артуда

Next Post

Шымкентте сапалы жолдар үлесі 80 пайызға жеткізіледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі