basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Тұрғын үй сертификатына қайта өтінімдер қабылдау жалғасуда

Қазан 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Тұрғын үй сертификатына қайта өтінімдер қабылдау жалғасуда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификатын беру жалғасады. 2021 жылдың  1 қазанынан бастап бастап төлем қабілетін растаған және банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хатын алған азаматтардан өтініш пен  құжаттар қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын үй сертификаттарын алуға құқығы бар санаттар тізбесі:

мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар;

Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25»  бағыттары бойынша  тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай  келетін әрбір  азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан  бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хаты арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады.

Тұрғын үй сертификатына өтінімдер  «кezekte.kz» интернет ресурсы арқылы онлайн қабылданады. Бұл үшін әрбір азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.

Айта кету керек, бүгінде 132 азамат тұрғын үй сертификатының иегері атанып, мемлекеттік көмекке ие болған.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Инвестициялық штабтың кезекті отырысында 8 жоба таныстырылды

Next Post

Шымкентте қоқыс алаңшаларына арнайы нұсқаулықтар қойылуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі