basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 23 гүлзар мен 4 саябақ салынады

Қазан 5, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 23 гүлзар мен 4 саябақ салынады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы басты назарда. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін айтады.

Оның айтуынша, Еуропа елдерінде әр адам басына 24 шаршы метр жасыл желектен келеді екен. Ал Алматыда – 13 шаршы метр, Шымкентте 5-6 шаршы метрді құрайды. Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

«Қаладан 23 жер аумағынан гүлзарлар салу жоспарланған. Ол аймақтарда жыл сайын ондай гүлзарлар салынады. Келесі жылға 6 аумақта гүлзар құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Шымсити шағынауданынан 47 гектар аумаққа саябақ салынады. Ол көлемі жағынан шаһардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен парк болады. Биыл «Фиркан сити» сауда–ойын-сауық орталығының маңындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Және келесі жылы 12-шағынауданда 1,6 гектар аумақты құрайтын тағы бір саябақтың құрылысы аяқталады»,-деді басқарма басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Үздік педагогтер ордасы тағы да үздік педагогпен толықты!!!

Next Post

Шымкент : Шалғай елді мекендерде тазалық жұмысы тұрақты жүргізіледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі