basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Еңбекші ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын

Қазан 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Еңбекші ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасындағы тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі қысқы жылыту маусымына дайындық, ұлттық халық санағын өткізу және санитарлық тазалық жұмыстарынан хабардар етіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына 2021-2022 жылғы қысқы жылу маусымында газбен уланудың алдын алу, газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, пеш мұржаларын уақтылы тазалау, жылыту және газ қондырғыларын талапқа сай орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бұл мақсатта жыл басынан бері аудан тұрғындарымен 290 жиналыс өткізіліп, үй ішілік газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен  келісімшартқа тұру жөнінде түсіндірілді.

2021 жылдың 1-30 қазан аралығында ұлттық халық санағының 2-кезеңі жүргізілуде. Осы орайда Еңбекші ауданында 37 орын-жай анықталып  (оның ішінде, 28 мектеп, 1 көркем сурет мектебі), бөлінген бөлмелер компьютер, жиһаз, сымтетік, интернет желісімен қамтамасыз етілді.

Жалпы аудан бойынша ұлттық санақтың 2-кезеңінде 37 санақ учаскесінде 37 нұсқаушы-бақылаушы және 252 интервьюер (санақшылар), жалпы барлығы 289  адам  санақ жүргізуде.

Аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары  «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан жүргізіледі. Бүгінге дейін ауданда санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 8 қалалық, 15 аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 81000-ға жуық адам қатысып, 216 техника жұмылдырылды. Тазалық іс-шараларына тұрғындар, мердігер мекемелер, еріктілер, сауда нысанының иелері қатысуда.

Аудан әкімі эфир барысында инженерлік жүйелер, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Әл-Фараби ауданында аулалар абаттандырылды

Next Post

Шымкентте «Smart» аялдама ашылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі