basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің тұқымбағы 5,4 гектарға ұлғайтылады

Қазан 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің тұқымбағы 5,4 гектарға ұлғайтылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 миллиардтан астам,  ал елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды айтқан болатын. Осы бағытта Шымкент қаласының жасыл алқап көлемін ұлғайту мақсаты қойылды. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асуыру үшін ағаш-бұта көшеттерін өсіруге арналған орман тұқымбақтарын дамыту қажет.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі тұқымбақ аумағы жыл соңына дейін 2,8 гектардан 8,2 гектарға ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, аталған мекемеге мемлекеттік орман қорынан 752,8 гектар жер учаскесі бекітіліп берілді.

Тұқымбақ жер учаскелерінде қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту мен қала көшелерін, өндірістік нысандарын көгалдандыруға қажетті ағаш-бұта көшеттерін өсіру көзделуде. Бірінші кезекте тұқымбақтың 8,2 гектарына 19 түрлі ағаш-бұта тұқымдары өңдеп себіледі және 1,7 гектар жерге әртүрлі тал, ағаш, бұталардың 140 мың дана қаламшасы отырғызылады. Жоба бойынша өсіріліп жатқан ағаш-бұта көшеттерінің саны 1 миллион 770 мың данаға жетуі тиіс.

Өткен жылы аталған тұқымбақтағы  2,8 гектар жерге 18 түрлі ағаш-бұтаның 86 220 ағаш тұқымдары егілді. Атап айтқанда қарағаш, үйеңкі, емен, талшын, өрік, бадам, қарамала, шаған және шабдалы, жиде, алмұрт, жайарша, айлант, сакура, катальпа, терек, бүйірген, сәмбі тал.

Сонымен қатар мекеме тарапынан ағымдағы жылы тұқым жинау жұмыстары жүргізіліп. Нәтижесінде жалпы 1863 кг (1500 кг – емен, 3 кг – алма, 30 кг – өрік, 50 кг – қара өрік , 280 кг – каштан) ағаштарының тұқымдары жиналды.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

В Шымкенте появилась остановка со Smart функцией

Next Post

Шымкентте 23 гүлзар мен 4 саябақ салынады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі