basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Қазан 6, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов қысқы мезгілге арнайы техникалардың  дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС базасына барып, аудан әкімдерімен және мекеме басшылары,  жауапты мамандармен жиын өткізді. «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарына бекітілген мекеме.

Қала әкімінің орынбасары әр ауданға қажетті техникалардың болуына көз жеткізді. Қар күреу жол сызықтарында бағыттардың уақыты,  техника саны көрсетілмегенін айтып, жолаяқтарды уақтылы тазалау үшін арнайы техника-трактор щеткалардың және қоспаларды шашудың өзіндік бағыттары болуы керектігін ескертті.

Құм мен тұз қоспасының сапасы – 1кг тұзға 3 кг құм болу талабының орындалуын, барлық техникалардың арнаулы лого-жазулармен жабдықталуын,  қар шығарған кезде арнайы көліктердің барып келу сызбасы жасалып,  соған сәйкес жұмыс істелуін тапсырды.

Үш ауданда да арнаулы қар жинақтау полигондарының жасалуы, жанар май қоры, жүргізушілер мен жол жұмысшылар саны жеткілікті болуы, қар күреу күректерін ретке келтіру жөнінде нұсқау берді.

Сонымен қатар, М.Айманбетов қысқы маусымда шалғай орналасқан елдімекендерде де әлеуметтік нысандарға барар жолдардың қардан дер кезінде тазаланып отыруын, оған қажетті техникаларды жабдықтап, көлік бағыттарының уақытын, ара қашықтығын және тиісті қаражат мөлшерін анықтап өтініш беруді аудан әкімдеріне жүктеді.

Ең басты талап – қар жауған сәттерде қала тұрғындары қажетті жерлеріне кептеліссіз жетуіне жағдай жасау, таңғы қызу қозғалыс басталғанға дейін жолдарды қардан дер кезінде тазарту екендігін нықтап айтты.

Tags: 3 мегаполисарнайы техникаларинфрақұрылымшымкент
Previous Post

В Шымкенте в этом году многодетным семьям планируется предоставить 378 квартир

Next Post

Госпрограмма "Еңбек": Господдержка открыла путь к новой профессии

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі