basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Сенатор Н.Бекназаров білім саласындағы өзекті мәселелерді көтерді

Қазан 14, 2021
in Заң
0
Сенатор Н.Бекназаров білім саласындағы өзекті мәселелерді көтерді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаты Н.Бекназаров Парламент отырысында білім саласындағы мәселелерге қатысты Премьер-Министр А.Маминнің атына депутаттық сауал жолдады.

Сауалда Ел Президентінің үстіміздегі жылғы жолдауындағы білім беру саласы бойынша тапсырмаларын орындауға қатысты және Шымкент қаласына іс-сапар барысында депутаттың ата-аналар, қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарыменен кездесулерде көтерілген күрделі мәселе қамтылған.

Сенатор өз сауалында мектептердегі білім алатын әлеуметтік көмекке мұқтаж санатындағы оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, киім және бір реттік тамақтандыруды қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешу жолдарын ұсына отырып, төмендегіні айтты.

Қазіргі таңда елімізде 257 жекеменшік мектеп бар. Онда білім алушылардың саны 63361 оқушыны құрап отыр. Тек Шымкент қаласында 34 жеке меншік мектепте 14000 оқушы мемлекеттік жан басына қаржыландыру жүйесімен ақысыз білім алуда және олардың 7 мыңға жуығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары.

Н. Бекназаров осындай оқушыларға тиесілі әлеуметтік көмек толыққанды берілмейтінін айтып, оны шешу мақсатында «Білім туралы» заңға және Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Сенатор Нұрлан Бекназаров аталған әлеуметтік қаржыландыруды шешу арқылы мемлекеттік мектептердің жүктемесін азайтуға және ең маңыздысы аз қамтылған отбасыларды қолдауға мүмкіндік беретінін айтып, сөзін түйіндеді.

Tags: 3 мегаполисН.Бекназаровсенатшымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов Ақтастағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын тексерді

Next Post

Шымкент жастар лигасының екінші кезеңіне студенттер де қатысады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі