basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Қазан 14, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвиджпен кездесті. Бас консулды жаңа миссиясының басталуымен құттықтаған қала басшысы екі жақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың одан  әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Мұрат Әйтенов  мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, қалада инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуметі мол екенін  айтты. Сонымен бірге Шымкент – Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен және олардың астаналары Ташкент пен Бішкек шекараларына жақын орналасқан республиканың ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – қаламызды адам өміріне қолайлы және бизнес жүргізуге ыңғайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін біз инвестициялық қоғамдастықтармен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды көздейміз. Қазақстан мен АҚШ бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар бірлескен жұмыстың нәтижесі болады деп ойлаймын»-деді әкім.

Өз кезегінде Кэролайн Сэвидж екі мемлекет арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық дами беретініне сенім білдіріп, биыл АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге ол Қазақстан жұртшылығын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сараланды.

Tags: 3 мегаполисАҚШ-тың Алматыдағы Бас консулыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

«Жұлдыз» индустриалды аймағын инфрақұрылым жүйелермен қамту жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Сәуле шағынауданына су қарашада беріледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі