Шымкенттегі шағынаудандарды ауыз сумен қамту қала әкімдігінің тұрақты күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Бүгінде Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың қараша айында жұмыстар аяқталып, тұрғындарға тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады.
Бүгінгі таңда, нысан басында 25 жұмысшы, 6 техника жұмыс жасауда. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырымның суаққының 43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі таңда, жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 % атқарылған.