Терещкова көшесінен Бөгет көшесіне дейін атқарылатын жұмыстар 2020-2021 жылдарға жоспарланған. 2020 жылдың қазан айында басталған орташа жөндеу жұмыстарына 6109, 2 млн.теңге қарастырылған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС- жүргізіп жатыр.
Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені – 42 метр. Бүгінгі таңда екі бағытты айналма темір жолын, кәріз құбырын салу, кабель желілері, темір жол электр бағаналарын және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің свай құю, жер жұмыстары және темір жол көпірінің негізін құю және теміржол балкаларын орнату, темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстары орындалды.
Қазіргі уақытта, тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Оң жақ тіреу қабырғаларының жұмысын жалғастыру үшін темір жолдан Бөгет көшесі дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.