basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Үшінші мегаполисте 100-ден астам аула абаттандырылуда

Қазан 10, 2021
in Жаңалықтар
0
Үшінші мегаполисте 100-ден астам аула абаттандырылуда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы төрт ауданда биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 118 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Оның ішінде 66 аула Президенттің «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында.

Еңбекші ауданында  2011-2020 жылдар аралығында 373 аула абаттандырылған болса, биылғы жылы  тұрғындардың ұсынысымен 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңарту, тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Ал, 453 көпқабатты тұрғын үй, 258 аулаға біріктірілген Абай ауданында осы жылы 21 аула абаттандырылуда. 2022 жылы 10 ауланы, 15 балалар алаңшасын орнату жоспарлануда.

Қаратау ауданында осы жылы 29 аула абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын қою жұмыстары жүргізіледі.

Әл-Фараби ауданындағы 27 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оның  9 аяқталды. Тұрғындар игілігіне берілген алаңдар Отырар шағын ауданындағы №11, 12, 13, 38 көпқабатты үй мен Әбдіразақов көшесіндегі №3, 9, 1, 2,15 үй, Байтұрсынов көшесіндегі №10, Жангелдин көшесіндегі № 8, 8А үй, және Қабанбай батыр көшесіндегі 11А мен 11Б үй ауласында орналасқан. Жыл соңына дейін бұл бағыттағы 18 аула пайдалануға беріледі.

Абаттандыру жұмысына балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері кіреді. Алаңшалардағы ойын құрылғының барлығы Шымкент қаласында өндірілген.

Келесі маңызды іс-аулаларымыздың тазалығы мен күтімі. Таза аула мәдениетін қалыптастырумен ғана нағыз мегаполиске айналамыз.

Tags: 3 мегаполисабаттандыруинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкентте қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет көрсете бастады

Next Post

Шымкент : Тоннель на проспекте Д.Кунаева открыли для движения транспорта

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі