basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда

Қазан 11, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Кәріз жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғынбеков пен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін жүргізіліп отырған канализациялық коллектор құрылысын қадағалады.

Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. 2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан 8 шақырым коллектор тартылып, құрылыс жұмыстарының 78 пайызы аяқталған.

Аталған канализациялық коллектор құрылысы  жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Сайрам, Азат, Тассай, Мирас, Нұртас, Ұлағат, Шапағат, Солтүстік-шығыс және Самал-3 шағын аудандары коллекторға қосылады. Яғни, 18 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.

Бүгінде қалада халықты кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3% құраса, жыл соңына дейін қамтылуы 54%-ға өседі. Қаланың оңтүстік пен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспарына сәйкес кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталса, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымкәріз жүйесішымкент
Previous Post

Халықты сапалы ауыз сумен қамту - басты міндет

Next Post

Шымкент : Тұрғын үй сертификатын алған 265 азамат несиелік баспанаға қол жеткізді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі