basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Өнеркәсіп өнімінің көлемі 555,8 млрд теңгеге жетті

Қазан 21, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Өнеркәсіп өнімінің көлемі 555,8 млрд теңгеге жетті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биылғы 9 айда 55,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.

Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау есебінде мәлімдеді.

Басқарма басшысы өңдеу өнеркәсібінің дамуы, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау шараларының барысына тоқталып өтті.

Шымкент – еліміздегі ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 555,8 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 7 орында. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 710,0 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.

Ал өңдеу өнеркәсібінде жиһаз өндіру (157,5 %), химия өнеркәсібі (157,5 %), машина жасау (150,9 %), дайын металл бұйымдарын өндіру (128,4 %), негізгі фармацевтикалық өнімдер (114,6 %), сусындарды өндіру (111,1 %), жеңіл өнеркәсіп (102,1 %), мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (103,0%) салаларында өнім көлемі артқан. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 628,0 млрд теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда     102,0 пайыз болады деп болжануда.

Қала әкімі М. Әйтенов шаһар экономикасындағы импорт өнімдерін өзімізде шығарудың жобасын дайындап, инвесторлар тартуды қарастыру қажет екенін атап өтті. Бұл орайда Шымкент қаласының өзіне тән даму бағдарын анықтау қажет. Қала әкімі ендігі ретте бүкіл елдің дамуына өзіндік ықпалын тигізетін өндірістерді күшейтуді тапсырды.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновшымкентӨнеркәсіп
Previous Post

Шымкентте жыл басынан бері 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылды

Next Post

Шымкентке жыл басынан 260,7 млрд теңге инвестиция тартылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі