basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Қала әкімінің орынбасары тұрғын үй бойынша өзекті мәселелерді тыңдады

Қазан 25, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Қала әкімінің орынбасары тұрғын үй бойынша өзекті мәселелерді тыңдады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков онлайн режимде кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындарды баспана, әлеуметтік мәселелермен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары толғандырады.

Мәселен, осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын жекешелендіру құқығымен кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға берілген Ә. Молдағұлова көшесі бойындағы № 44 үй тұрғыны шатырды жөндеп беру өтінішін жеткізді. Алайда, бүгінде тұрғындардың 70 пайызы пәтерлерін өз аттарына жекешелендіріп алған. Оған сәйкес, өз меншік иелеріндегі жөндеу жұмыстарын өздері жүргізулері қажет.

Қала әкімінің орынбасары қыста халық қиналмасы үшін жауапты сала мамандарына жағдайды толық зерделеп,  қаражаты қайтарымды негізде модернизациялау жұмысының жобасын қарастыруды тапсырды. Тұрғындар бірауыздан үй төрайымын сайлаулары қажет. Жалпы, қалалық тұрғын үй  басқармасының мәліметінше, биыл шаһарда коммуналдық меншіктегі 11 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Қабылдау барысында пәтер иелеріне «Мүлік иелерінің бірлестігі» немесе «Жәй серіктестік» құру қажеттігі түсіндірілді. Үйді басқарудың жаңа формасы бірқатар артықшылыққа ие. Бірінші кезекте бұл көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға бөгде ұйымдардың емес, меншік иелерінің өздері жауап беретіндігімен ерекше.

Қазірдің өзінде Шымкент қаласында 113 «Мүлік иелерінің бірлестігі» мен 773 «Жәй серіктестік» құрылып, тіркелген. Тұрғындары кезек күттірмейтін  шатыр,лифт немесе жертөлені жөндеу жұмыстарына ай сайын жинайтын қаражаттарын жұмсай алады.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Т.Рысқұлов атындағы көше жақында көлік қозғалысына ашылмақ

Next Post

Нұртас шағын ауданында ауыз су жүйелерінің құрылысы қараша айында аяқталады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі