Шымкент қаласындағы Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жж аралығына жоспарланған.
Қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылатын даңғылдың құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке-А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Арман Строй Холдинг» ЖШС-гі.
Шымкент қаласының оңтүстік қақпасына саналатын Республика даңғылы – көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елді-мекендермен біріктіретіндіктен қаламыздың басты магистралды көшелерінің бірі болып табылады.
Республика даңғылының жалпы ұзындығы төрт жолақты 5,3 шақырымды құрайды, ал жолдың ені 28 метрді құрайды. Көшенің бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, ал екінші жағына лоток орнатылған және ені 2,25м жаяу жүргінші жолы салынған. Құбыр үстінен Б.Момышұлы көшесінен жер асты өткеліне («Колос» аялдамасына) дейін веложол қарастырылған, асфальт құбыр арқылы лотокқа баратындай етіп төселген.
Бұл жүйе бұған дейін А.Байтұрсынов көшесінде тексеріліп алынған. Жолдың төмеңгі түзету қалыңдығы 9см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.
Бүгінде Республика даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарының 90 пайызы біткен.