basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады

Қазан 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдірахановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады.

Қалада базалық станциялар орнату жұмысы 2020 жылы үш кезең негізінде қолға алынған. Алғашқы кезеңде қалада 11 нүктеге станция орнатылып, мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 82% құрады.

Осы жылы интернетпен қамтудың ІІ-кезеңінде 14 нүктеге базалық станциясын орнату жұмысы жүруде. Оның 8-і инвестор есебінен, 6 нүкте байланыс операторлары жеке нысан иелерімен бірлесе атқаруда.

Қазір 8 жерге (Тассай, Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ,Солтүстік-Батыс, Аэропорт маңы, А-2 трассасы, Р-32 трассасы Құрсай №49 мектеп маңы) антенна-мачталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін желіге қосылады.

Қалған 6 нүктеде (Абдулабад,Забадам,Асар,Самал-3, Нұртас, Құрсай – Жылысай көшесі маңы) базалық станциялар орнатылып, іске қосылған. Қала аумағындағы 14 базалық станциялар толық желіге қосылса, 136 071 отбасы сапалы интернетпен қамтылады. Жыл соңына дейін желімен қамту көрсеткішін 91%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Қалада базалық станцияны көбейту үшін басқарма  Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе интернеттің сапасына талдау жасаған. Талданған 110 нүктенің 22-не интернет сапасы төмен екені анықталған.

Әзірленген Жол картасы шеңберінде сапасы төмен аумақтарға 2022-2023 жылдары базалық станциясын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жүзеге асырылса,  қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтылады.

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымцифрландырушымкент
Previous Post

В Шымкенте создана откормочная площадка на 1000 голов лошадей

Next Post

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 9 айдың жұмысын қорытындылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі