Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында 1986 жылғы Желтоқсан қатысушылары Қайрат Рысқұлбеков пен Ербол Сыпатаевтың құрметіне арналған ұлттық спорт турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау, жастар арасында желтоқсан қаһармандарына деген құрметті арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Аталмыш турнир тоғызқұмалақ және асық ату ұлттық спорт түрлері арасында өтіп, онда жалпы саны 60-тан астам қатысушылар бақтарын сынап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оза шапқан қатысушылар анықталды.
Турнирге арнайы құттықтап желтоқсаншы Кенжебеков Нуриддин Ибрахимұлы, жастарға өздерінің баталарын беріп, елі үшін құрбан болған боздақтарды әрдайым есте сақтап жүрулерін аманат етті.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталып, тоғызқұмалақтан жүлделі І орын – Әзімхан Батухан, ІІ орын иесіне – Қазбек Бақдаулет, ал ІІІ орын – Қадырбек Нұрғиса иеленсе. Ал асық ату бойынша І орын – Орал Асылжан, ІІ орын – Абилхан Талғар, ІІІ орын – Нұркенұлы Сырым иеленді.