Сессия отырысына қала әкімі Мұрат Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері қатысты. Кезекті он бірінші сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 4 мәселені талқылады.
Олар;
- «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу туралы.
- Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі.
Сессияда қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері туралы баяндама жасап, қалада атқарылған жұмыстар бойынша тоқталып өтті. Баяндама соңында қала әкімі қаланың тыныс тіршілігіне белсенді атсалысып, әкімдіктің әрбір бастамасына қолдау көрсетіп жүрген депутаттар корпусына өз алғысын айтып, алда келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтады.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі