«Тәуелсіздік тарихы – Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» конференциясы өтті
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығында – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері және рухани жаңғыру мен дамуы тарихын талқылау, жаңа толқын жастардың ел құндылықтарына, Елбасыныңеткен еңбегіне деген құрметін арттыру.
Аталмыш конференция М. Әуезоа ат. Оңтүстік Қазақстан университеті қабырғасында өтіп, оған М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы, Ішкі саясат және жастар ісітері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық саяси ахуал және Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс» бөлімінің басшысы Әбілхайыров Серғазы Кәрімұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алиев Өткір Алиұлы, Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлы, Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Махмуд, Гуманитарлық ғылымдарының магистры, жас ғалым Исабек Әзімхан, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік парламенттің» төрағасы Садыбай Айтөре Ермекұлы және университ, ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, оқытушылары, профессорлары мен белсенді жастар, жалпы саны 250 тыңдаушы қатысты.
Конференция барысында, «Елбасы – Тәуелсіздік символы», «Тәуелсіздік рухани жаңғыру кепілі»., «Сарабдал саясаткер жолымен» және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылып, жастардың ойлары тыңдалды.