Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасs6 № 137 жалпы орта мектебі және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті.
Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды. Олардың ерлігін айтып, ата-бабамыздың батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді.
Аталмыш іс-шара 100 жастың қатысуымен өтті. Бұл іс шара алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасын табатын болады. Іс-шараға № 137 жалпы орта мектебінің директоры Қантаева Эльмира Бақытқызы, Жергілікті ауған соғыс ардагерлер одағы және басқа ұрыс қимылдар орталығының төрағасының орынбасары Меңдіқұлов Сүндет Үсенбайұлы, Семей ядролық палигонында 2 жыл қызмет атқарған Махмудов Бахадүр Юлдашұлы, Еңбек ардагері, Желтоқсан ардагері, Семей ядролық палигонының ардагері, Семей ядролық полигонында 20 жыл қызмет істеген Сартаев Абдурахман ардагерлеріміз қатысты.
Іс-шара барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.