Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдығында – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері және рухани жаңғыру мен дамуы тарихын талқылау, жаңа толқын жастардың ел құндылықтарына, Елбасының еткен еңбегіне деген құрметін арттыру. 1986 жылы Желтоқсан қаһармандарының ерлігін дәріптеу.
Аталмыш дөңгелек үстел «Әл – Фараби» ғылыми әмбебап кітапханасының ғимаратының қабырғасында өтіп, оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қаласы маслихатының хатшысы, Шымкент қаласының депутаты Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, «Патриоттық қозғалыс: Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының мүшесі ОСПАНОВА Гулмира Болатовна, Желтоқсаншы Қуандықов Ермұхамбет, Түркістан облысының қоғамдық саяси тарихының мемлекеттік архивтер басшысы Шардарбекова Гүлнар Сәдібекқызы, желтоқсан оқиғасының қатысушылары және белсенді жастар, жалпы саны 50 тыңдаушы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында, Желтоқсан оқиғасы туралы арнайы фильм көрсетілді. Шымкент қаласы маслихатының хатшысы, Шымкент қаласының депутаты Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы желтоқсан оқиғасына қатысушыларғы өз алғысын білдіріп, арнайы АЛҒЫС ХАТТАР мен марапаттады.