Ауданда жыл басынан жалпы соммасы 11 млрд.теңгеге 9 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 279 жұмыс орны құрылды.
Атап айтсақ күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, сондай-ақ жылыжай құрылысы.
Іске қосылған жобалардың ішінде – «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі. Бұл сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құны 450 млн.теңгені құрайды. Онда 20 жұмыс орны ашылады.
Бұдан басқа Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «Gen Group Kazakhstan» компаниясы 5,3 га жерге банан өсіруге арналған жылыжай кешенін салды. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Meat magnat» ЖШС-сі 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны 800 млн.теңге.10 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарлануда. Бұл жұмыстар әлі жалғасын табатын болады.
Түркістан өңіріндегі тіршілігі тоқтамайтын Сайрам ауданында бүгінде 235 мыңнан астам тұрғын өмір сүріп жатыр. Сәйкесінше 11 ауылдық округ, 42 елді мекеннен құралған сансыз бабтар мекенінде әлеуметтік-экономикалық даму сақталып, жоспарлар оң нәтижесін беруде.
Айталық, биылғы жылдың алғашқы 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 185 млрд. теңгеге жетіп, өсім 103,3 пайызды құрады. Оның жартысынан астамы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі болса, 18,3 пайызы өнеркәсіп және 18,5 пайызы сауда саласының үлесінде. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 255 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған екен. Сонымен бірге үш тоқсанда ауданға 38,9 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, оның 90 пайызға жуығы жеке инвестиция ретінде саналып, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш екі есе көтерілген.
Одан бөлек 2023-2024 жылдары Сайрамда құны 75 млрд. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске асырылып, 886 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның он екісі өңдеу бағытындағы жоба. Айта кету керек, жыл басынан бері ауданда құны 11 млрд. теңгеге татитын күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт сынды 9 жоба іске қосылып, жаңадан 279 жұмыс орны құрылған. Осы және өзге де жаңалықтарды көпшілікке өңірлік коммуникация алаңында баспасөз жиынын өткізген аудан басшысы Арман Сәбитовтің өзі айтып берді.