Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес, Жетісай қаласындағы орталық саябақтың қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Орталық саябақ ішінен жалпы құны 1 млрд. теңге болатын дене шынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы жұмысы басталған қос қабатты нысан биылғы жылдың соңында ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр. 2022 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 200 млн. теңгені толық игерген мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС мердігер құрылыс сызбасына өзгерістер енгізген.
Жаңарған жоба іске қосылған соң жалпы ауданы 17,14 га болатын орталық саябақта қала тұрғындарына арналған арнайы демалыс орындары, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық сауықтыру кешендері, түрлі ойын атракциондары, үлкендер мен бүлдіршіндерге арналған бассейндер, биіктігі 5 метрге дейін жететін субұрқақтары мен сауда дүңгіршектері іске қосылып, кіреберіс қақпасы жаңартылатын болады. Қосымша ақпар, Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Осы жылы бағдарламаға Қарақай, Ералиев, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтері қатысты.Бүгінгі күнге бұл жобаға 300-ге тарта ауыл тұрғындары қатысып, 1,5 млрд. теңгеге өтінім беріліп, 159 жоба 926,8 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриялды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін жері анықталды, қазіргі таңда тиісті құжаттары рәсімделуде.
Сондай-ақ, Өзбекстандық инвестормен бірлесіп тоқыма фабрикасын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта – Асық ата кентінен 5 га жер бөлініп, бірлескен «TST GROUP» компаниясы құрылды, инвесторға өнеркәсіпті даму қоры арқылы (7,6 млрд. теңге) жеңілдетілген несие қарастырылуда.
Сонымен қатар, Ресейлік инвестормен жоңышқа грануласын, Өзбекстандық инвестормен жібек жібін, қант өндірістерін құру жобалары пысықталуда. Сонымен бірге көп салалы реабилитациалық орталық ашу жұмыстары да жүргізілуде. Осы аталған жобаларды жүзеге асыру – ауданымызда өнеркәсіп саласын дамытуға негіз болады. 2025 жылға дейін қосымша 4 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары. Бұл бағыт ерекше назарда. Үстіміздегі жылы 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді.