Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов «Қапшағай» су қоймасына барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жауаптылармен, мердігермен кездескен аудан әкімі су қойма құрылысының баяу жүріп жатқандығын сынға алды.
– Аудан үшін ғана емес, облыс үшін маңызды стратегиялық нысандағы құрылыстың сапалы жүргізілуі қатаң бақылауда. Істелінетін жұмыстың ауқымы көп. Сағат тоғыздан асты. Әлі жұмысшыларыңыз жұмысты бастамаған. Уақыт Сіздермен емес Сіздер уақытқа тәуелді болып жұмыс жасауларыңыз керек. Ауа райында алдағы күндері жаңбыр. Су қоймадағы қазылған жерлер әлі көмілмеген. Жұмысшы санын көбейтіп, сапалы жұмыс жасау керек деп қатаң ескертті, – аудан әкімі.
Сонымен қатар аудан әкімі Ағыбет ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешенінде болды. Аталған нысанды аралап көріп, мердігер мекемеге құрылыстың сапасы сын көтермейтінін ескерті. Жауапты бөлімге бақылауға алып, мердігерге кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырды.
Сапар барысында аудан әкімі Ағыбет ауылдық округіндегі Үлкен Шаян өзеніне барды. Аталған өзеннің күз және көктемгі кезеңінде су тасқынының алдын алу жұмыстарын талқылады. Үлкен Шаян өзені арнасының бөгетін реттеу жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандар шақыртып, зерттеу жүргізіп, жобалық сметалық құжаттамасын қайта әзірлеу жөнінде жауаптыларға тапсырма берді.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын. Ол елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар екендігін атап өтіп, жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыру керектігін тапысырды. Бүгінде Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында жаңа жобаларды жүзеге асыруда тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 2023 жылы іске қосылатын жалпы жобалар саны – 11. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 3 жоба. Жалпы жобалар құны – 3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 99.
Өткен жыл қорытындысымен Бәйдібек ауданы бюджетінің кіріс бөлігі нақты 16 млрд. 582,2 млн. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 52 млн.578,8 мың теңгеге, ал 2023 жылдың 3 айында нақты 1,9 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 117,2 млн. теңгеге артығымен орындалған. Жергілікті бюджет түсімдері өткен жылдың қорытындысымен нақты 1 млрд. 246,7 млн. теңгеге, осы жылы 3 айда 0,5 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалған. Былтыр ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге, 2023 жылдың 3 айында ауданда 6 млрд. 447,6 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 685,0 млн. теңгеге артып отыр. Былтыр 21,6 млрд. теңге , 3 айда 2 млрд 167,4 млн. теңгеге инвестиция тартылды. Жалпы ауданда 11 ауылдық округ, 51 елді мекен, 48 936 халық бар. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңге болып,нақты көлем индексі 112,7%-ға орындалды.