Төлеби аудандық Мансап орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау және жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің қызметкерлері субсидияланатын жұмыс орындарына оқу орындарының түлектері мен бұрын-соңды жұмыс істемеген жастарға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс» бағдарламасы бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңды тұлғалармен де кездесіп, «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары арқылы кімдер, қалай қатыса алатындығын түсіндірді. Мемлекет тарапынан аталған бағдарламаларға қатысушыларға қанша жалақы төленетіндігін және басқа да талаптары жөнінде кеңінен жеткізді.
Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4217 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2650 тұрақты, 1567 уақытша). «Бастау Бизнес» жобасы аясында 944 адам оқып, сертификат алды. «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша жеке бастамалар аясында 1101 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жастар практикасына» 215 жастар жұмысқа жолданды. Қоғамдық жұмыс орнына 936 азамат жолданды.
Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында жалпы 631 отбасыға 232 млн теңге төленді. бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 90 адамға 124 млн теңге төленді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Аудан тұрғындарының 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып, 142 жобаға 817 млн.теңге несиесі берілді.
Кәсіпкерлік саласында іске асыралып жатқан инвестициялық жобалар: аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2023 жылдың 9 айында 31884 демалушыларға 691,2 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Аудан аумағында бұл салаға тартылған инвестициялық жобаларға тоқтала кетсек, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркінбек Бексултан демалыс аймағын іске қосуда, құны 100 млн.тг, 5 жұмыс орны, Ал Нысанбек елді мекенінде құны 800 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны ашылды. Сонымен қатар Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы, жеке кәсіпке М.Сақыбаев қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, 600 млн.тг инвестиция құйды. Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалымен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Т.Наралиевтың демалыс орны ашылған. Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда. Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.