Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Көктерек кентінің тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамту үшін жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Айта кетсек, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, 2023 жылға өтпелі болатын. 1 дана трансформатор қондырығысын орнатып, электр желісіне қосылған. Ішкі көшелерде электр желісі бағаналарын және 15 дана трансформатор қондырығысы орнатылып, жай тұрғын үйлер электр желісіне қосылды.
Қазіргі таңда, абоненттерді ескі электр желісінен жаңа электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан соң, 713 тұрғын үй 14 көп қабатты үйлер сапалы электр энергиясымен қамту жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарын бақылаған аудан әкімі құрылыс жұмыстарын бірқатар ескертулерді қалпына келтіруді және белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды мердігер мекеме өкіліне тапсырып,сондай-ақ жіті бақылауында болатынын ескертті.
Сонымен қатар,жауап бөлім басшысына жұмыс барысын қадағалап, баяндауды жүктеді.
Осыған дейін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті тұрғындармен кездесуі Әлімтау ауылдық округінде жалғасты. Кездесу алдын аудан басшысы мәдениет үйінің жылыту қазандығының жұмыс барысын тексеріп, ауылдық округ әкіміне үздіксіз және мүлтіксіз жұмыс істеуін ұдайы бақылауды тапсырды.
Кездесу барысында аудан басшысы алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған, арнайы дайындалған жол картасында енгізілген атқарылғанын және орындалу барысын баяндады.
Сонымен қатар, аудан басшысы ауылдық округтің алдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту бойынша дайындалған жол картасына енгізуге тұрғындар тарапынан ұсыныстарды тыңдады.
– Барлық жұмыстар кезең – кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Алдағы уақытта ауданды әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады, – деді Арман Абдуллаев.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан жол, жайылым жер, әлеуметтік көмек мәселесі, ауыз су мәселері бойынша уәждерін жеткізді.
Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарымен кездесуде тұрғындар игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудан басшысына оң бағаларын беріп, әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын және нақты мерзімін ашық атап өткеніне ризашылықтарын білдірді.
Еске салсақ, осыған дейін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округ тұрғындарымен кездескен еді. Алдыңғы үш кездесуде айтылған мәселелердің орындалу барысын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөліскен-ді.