Кәсіпкерлік саласында іске асыралып жатқан инвестициялық жобалар: аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2023 жылдың 9 айында 31884 демалушыларға 691,2 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Аудан аумағында бұл салаға тартылған инвестициялық жобаларға тоқтала кетсек, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркінбек Бексултан демалыс аймағын іске қосуда, құны 100 млн.тг, 5 жұмыс орны, Ал Нысанбек елді мекенінде құны 800 млн. теңгені құрайтын жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс орны ашылды. Сонымен қатар Ақмешіт шатқалында К.Ысқақовтың демалыс аймағы, жеке кәсіпке М.Сақыбаев қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, 600 млн.тг инвестиция құйды. Тағы бір айта кететін жоба Зертас ауыл округінде жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалымен сауықтыру орталығын іске қосты. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Т.Наралиевтың демалыс орны ашылған. Бүгінгі таңда Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылды. Кешенде тәулігіне 20 адам ем алуда. Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.
Төлеби ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 9 айдың көрсеткіші бойынша 50,3 млрд.тг болса, оның 30,1 млрд.теңгесі мал шаруашылығына, 20,2 млрд.теңгесі егін шаруашылығына тиесілі. Биылғы жылы 65 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 22,1 мың гектар астық, 29,3 мың гектар жоңышқа, 1,2 мың гектар картоп, 100 гектарға ноқат, 1,8 мың гектар көкөніс. Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқтала кетсек: Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты.
Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі 35 га аумаққа «Қазығұрт бақтары» АШӨК балық шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Жоба құны 2 млрд теңге, қуаттылығы жылына 2 мың тонна балық өндіру. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдар. Нәтижесінде 20 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы жылдық жоспар 46 млрд.тг болса, 9 айдағы көрсеткіш 34,9 млрд.тг, нақты индекс көлемі 106,1 %. Өңдеу өнеркәсібі бойынша жылдық жоспар 42 млрд.тг болса, 9 айда 32,1 млрд.тг орындалып, нақты индекс көлемі 105,6 %. Аудан өнеркәсібінің басым бағыттары: битум өндіру, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясы.
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 106,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11.1 млрд теңгеге артығымен орындалған. құрылыс жұмыстарының көлемі 4,7 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп саласындағы бұл көрсеткіш 35,0 млрд. теңге, ауылшаруашылығы – 50,3млрд. теңге,
Төлеби ауданында 2023 жылдың 9 айындағы ауданның бюджет көлемі 15,3 млрд.теңге, трансферттер түсімі – 10,9 млрд.теңгені құрады. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, ауданның өзіндік кірістер – 3,6 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. 2023 жылғы кірістер жоспары 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 879 млн.теңгеге ұлғайды, кірістер – 122,4%.
Бүгінде ауданда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 305 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтылады.