basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША СОЗАҚ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНАН ОРЫН АЛДЫ

Қараша 14, 2023
in Жаңа Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША СОЗАҚ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНАН ОРЫН АЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін нақтылау мақсатында облысқа қарасты аудан, қала әкімдерінің арасында 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша рейтингі түзілді.
Онда облыс әкімі тарапынан жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы және ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс, өнеркесіп өнімдері, жаңа жұмыс орнын құру және тағы басқа салалар бойынша атқарылған жұмыстар толықтай қамтылды.
Нәтижесінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мерзімінде әрі сапалы орындау рейтінгісі бойынша Созақ ауданы көш басына орналасты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Созақ ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін І кезеңіне Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Бағдарламаның ІІ кезеңіне Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері енгізіліп, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 264 азаматтың құжаты мақұлданып, 148 азамат 782,910 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды. Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Шолаққорған ауылының «Ақшам» және «Наурыз» мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылға 51 млн. теңге, 2023 жылға 657 млн. теңге қаржы бөлінді. Су тарату нысандарының орындары қоршалып, 30 шақырымға жуық су құбыры траншеяларға тасталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін, Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер анықталды. Жолдардың сапасын арттыру мақсатында осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қажетті қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Құрылыс саласы бойынша Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына 245,5 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 181,3 млн. тенге қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы» жобасына 2 065,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Биыл республикалық бюджеттен 300 млн.теңге қаралды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды.
Сондай-ақ Ыбырай ауылынан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі жанынан 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Previous Post

Кәсіпкерлік саласы басты назарда

Next Post

Келес: Шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесі өз шешімін табуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі