basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес: Шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесі өз шешімін табуда

Қараша 14, 2023
in Жаңалықтар
0
Келес: Шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесі өз шешімін табуда
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының Бозай ауылдық округі аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда төрт елді мекен болып, 2 мыңнан аса халық тұрады. Тұрғындардың негізгі күн көріс кәсібі – мал шаруашылығы. Тұрғындарды қолайлы инфрақұрылыммен қамту шаралары күн тәртібінен түскен емес. Нақтырақ айтсақ, эконоикалық тиімсіз аймаққа жататын Тартоғай ауылында 16 отбасы тұрады. Сол отбасы мүшелерін таза ауыз сумен қамту үшін су тазалау қондырғысы орнатылып, пайдаланылуға берілді. Сонымен қатар, ауылдық округінің орталығы Бозай ауылын таза ауыз сумен қамту жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы жоспарланаған. Жоспарлы жұмыстардан соң елді мекеннің орталық көшелеріне аяқ жолдар салынып, түнгі жарық шамдары орнатылуы көзделген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бозай ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесуінде атап өтті.

– Бозай ауылдық округі мал шаріашылығымен айналысуға қолайлы аймақ. Мұндағы басты мәселелердің бірі жайылым жер мәселесі. Жайылым жер телімдерін ортақ пайдалануға енгізу жұмыстары бойынша өткен жылы өткізілген жер комиссиясы мәжілісінде Бозай ауылдық округі аумағынан 1 937 гектар жайылым жер учаскесіне оң қортынды беріліп, жерге орналастыру жобасы жасалынған. Аудан аумағындағы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелеріне мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді аудан әкімі.

Жиын барысында Бозай ауылдық округі бойынша жайылым жерлерді мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерді ауданның арнайы жер қорына қайтару мәселесі жайы айтылды. Жайылым жерлер бүгінгі күнде округ бойынша ортақ жайылым 10 020 гектарға ұлғайтылды. 250,0 га. жерге меморандум арқылы қосымша келісім шарттар түзілген.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан ауылдың әлеуетін арттыру бағытындағы сұрақтар қойылды. Аудан әкімі әрбір сұраққа жауап беріп, орындалуы уақыт талап ететін мәселелер бойынша арнайы ісшара жоспары бекітілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША СОЗАҚ АУДАНЫ КӨШ БАСЫНАН ОРЫН АЛДЫ

Next Post

Ордабасы: Тұрғындар «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсене қатысуы қажет

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі