Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 400 спорттық нысан жұмыс жасайды.Соңғы жылдары аудан аумағында мемлекет есебінен 6 кіші футбол алаңшасы және демеушілер тарапынан күрес түрлерінен 1 спорт кешені және 7 футбол манежі салынды.
Сондай-ақ, бюджет есебінен Бірінші Мамыр және Көксәйек елді мекендерінде замануи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны биыл 9 айда 50,4 мың адамды құрап, аудан халқының 41%-на жетті.
Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4217 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды (2650 тұрақты, 1567 уақытша). «Бастау Бизнес» жобасы аясында 944 адам оқып, сертификат алды. «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша жеке бастамалар аясында 1101 жаңа жұмыс орындары ашылды. «Жастар практикасына» 215 жастар жұмысқа жолданды. Қоғамдық жұмыс орнына 936 азамат жолданды.
Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету мақсатында жалпы 631 отбасыға 232 млн теңге төленді. бойынша биыл 1 023 отбасыға (5 535 адам) 531 млн. теңге қаралып, 580 отбасыға (3 201 адам) 203,5 млн. теңгеге көмек көрсетілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 90 адамға 124 млн теңге төленді. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Аудан тұрғындарының 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып, 142 жобаға 817 млн.теңге несиесі берілді.