Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Осы жылы бағдарламаға Қарақай, Ералиев, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтері қатысты.Бүгінгі күнге бұл жобаға 300-ге тарта ауыл тұрғындары қатысып, 1,5 млрд. теңгеге өтінім беріліп, 159 жоба 926,8 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында индустриялды аймақ пен шағын өндірістік парк құру үшін жері анықталды, қазіргі таңда тиісті құжаттары рәсімделуде.
Сондай-ақ, Өзбекстандық инвестормен бірлесіп тоқыма фабрикасын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта – Асық ата кентінен 5 га жер бөлініп, бірлескен «TST GROUP» компаниясы құрылды, инвесторға өнеркәсіпті даму қоры арқылы (7,6 млрд. теңге) жеңілдетілген несие қарастырылуда.
Сонымен қатар, Ресейлік инвестормен жоңышқа грануласын, Өзбекстандық инвестормен жібек жібін, қант өндірістерін құру жобалары пысықталуда. Сонымен бірге көп салалы реабилитациалық орталық ашу жұмыстары да жүргізілуде. Осы аталған жобаларды жүзеге асыру – ауданымызда өнеркәсіп саласын дамытуға негіз болады. 2025 жылға дейін қосымша 4 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоғары. Бұл бағыт ерекше назарда. Үстіміздегі жылы 79,3 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45,6 мың гектар мақта, 19,6 мың гектар бақша, 2,9 мың гектар көкөніс, 5 мың гектар дәндік жүгері және тағы басқа дақылдар егілді.
2023 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 15%-ға артып, 27,7 млрд. теңгені құрады. Ал, негізгі капиталға тартылған инвестиция 2,8 млрд. теңгеге жетті.
321 шаруақожалық иелері 1236 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді.
Дегенмен биылғы жылы аудан дихандары үшін ағынсу тапшылығы орын алды. Ағын су мәселесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында арнайы тоқталып: «Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек», – екенін атап өтті. Ендігі жерде бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажет.