Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес, Құркелес ауылдық округіне барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруасын дамытып отырған, кәсіпкердің жұмысымен танысты.
С.Юсупов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 10 сауынды бие сатып алып, салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда. Тәулігіне 50 литр сүт алу жоспарлануда.
Шаруашылық жұмысымен танысқан аудан басшысы:
– Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Сіздің жұмыстарына сәттілік, алдағы уақытта шаруаңызды үлкейтіп ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасауға болады, -деді аудан басшысы
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы»-на «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыс аумағында жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 4 мың 60 өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3690-ы қаралып, жалпы 90 пайызға жуығы мақұлданды. Ал Сауран ауданында 4 ауылдық округ таңдалған. Мұнда 260 жоба бойынша өтініш түссе, оның 174-і жүзеге аспақ. Өңір басшысы Сауран ауданы, Ескі Иқан елді-мекенінде де болды. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты «Сауран сүт» сүт өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге. Жылына 3,6 мың тонна сүт өнімдері шығады деп жоспарланған. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлер өнімдерін Түркістан және Қызылорда облыстарына өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Ескі Иқандағы спорт мектебіне барды.Онда жас спортшылармен кездесіп, мекеме жанынан салынып жатқан 200 орындық жатақхананың құрылысын аралап көрді.Іс сапар соңында аудандағы «Авиценна» медициналық орталығына да ат басын бұрды.Заманауи орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Аудан әкіміне елді мекендерді дамыту жөнінде тапсырма берді.Жалпы Ордабасы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Биыл 17 сәуір айынан бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.