Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі асфальт төсеу, жарықтандыру,
жол кедергілерін орнату туралы өтініштері мен пікірлерін айтты. Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, нақты жауаптар берді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Осыған дейін, аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы іс сапармен Жылға ауылдық округіне барып, Шайхана елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысын бақылады.
-Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең -кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді,-деді аудан басшысы.
Айта кетсек, қосымша жоба жасалынып, 100 метр тереңдікте 2 дана ұңғыма қазу жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда, магистрал су құбырлары жүргізілуде және су сақтау қоймасының құрылыс жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
Еске салсақ, осыған дейін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Тың елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.
Айта кетсек, аталған нысанға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, іргетасы қаланды.Келесі кезекте қабырғаларын көтеру жұмыстарын жүргізілетін болады.
Сонымен қатар,аудан басшысы Жемісті елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған жер телімін арнайы барып, бақылады.