Бүгін аудан басшысы қала аумағын аралау барысында Сарыағаш қаласы Мөлтек шағын ауданына арнайы барып, балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасы, автотұрақ орнату бойынша атқарылған жұмыстарды бақылады.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан спорт алаңшасына газон төсеу, қоршау және жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Аталған балалар ойын алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, жаттығу аймақтары бар.
Осыған дейін, аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы іс сапармен Жылға ауылдық округіне барып, Шайхана елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысын бақылады.
-Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Бүгінгі таңда ауданда тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең -кезеңімен жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді,-деді аудан басшысы.
Айта кетсек, қосымша жоба жасалынып, 100 метр тереңдікте 2 дана ұңғыма қазу жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда, магистрал су құбырлары жүргізілуде және су сақтау қоймасының құрылыс жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне құрылыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы»-на «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыс аумағында жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 4 мың 60 өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3690-ы қаралып, жалпы 90 пайызға жуығы мақұлданды. Ал Сауран ауданында 4 ауылдық округ таңдалған. Мұнда 260 жоба бойынша өтініш түссе, оның 174-і жүзеге аспақ. Өңір басшысы Сауран ауданы, Ескі Иқан елді-мекенінде де болды. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты «Сауран сүт» сүт өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге. Жылына 3,6 мың тонна сүт өнімдері шығады деп жоспарланған. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлер өнімдерін Түркістан және Қызылорда облыстарына өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Ескі Иқандағы спорт мектебіне барды.Онда жас спортшылармен кездесіп, мекеме жанынан салынып жатқан 200 орындық жатақхананың құрылысын аралап көрді.Іс сапар соңында аудандағы «Авиценна» медициналық орталығына да ат басын бұрды.Заманауи орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Аудан әкіміне елді мекендерді дамыту жөнінде тапсырма берді.Жалпы Ордабасы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Биыл 17 сәуір айынан бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.