Аудан әкімі Арман Абдуллаев және Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарына арнайы барып, жай-күйін бақылады.
Аудан басшысы қала аумағын аралау барысында алдымен Бәйтерек көшесінде орналасқан арканы қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Айта кетсек, жаңарту жұмыстарын мердігер мекеме «Сәулет 2012» ЖШС тарапынан жүргізіліп,қазіргі таңда толығымен аяқталды.
Аудан басшысы қала аумағында бірнеше көшелерге су жиналуы және тұрғын үйлерге кіру қаупі мәселесін жол картасына енгізген болатын,осы орайда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын арнайы барып,саралады.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан: Нұрқыран, А.Омаров, С. Дүйсебайұлы және Майлықожа көшелеріне астау салу жұмыстары толығымен аяқталып, М.Пердебеков және Майлықожа (Дана құрылыс заттарының маңы) көшелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, жұмыс барысын жүйеге келтіріп кестеге сәйкес жұмысты жандандыруды қала әкімі М.Доспуловқа және жауапты мердігер мекеме өкілдеріне тапсырды.
Осы,аг дейін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі асфальт төсеу, жарықтандыру,
жол кедергілерін орнату туралы өтініштері мен пікірлерін айтты. Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, нақты жауаптар берді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Осыған дейін, аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы іс сапармен Жылға ауылдық округіне барып, Шайхана елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысын бақылады.