Жетісай ауданында шағын және орта кәсіпкерлік дамуда. Ол үшін әкімдік тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. 8 айда негізгі капиталға 12,5 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асты. Өндірілген өнім көлемі 12,2 млрд. теңгені құрады.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 8 айының қорытындысымен 54,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын жасады. Онда Жаңа Қазақстанның бейнесін айқындайтын негізгі бағыт-бағдарды ұсынды. Оның ішінде ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру болып отыр.
Бюджеттің шығысы бойынша 2023 жылдың 8 айында жоспар 14,3 млрд. теңге, нақты игерілгені 99,7%-ды құрады.
Кіріс көздерін ұлғайту мақсатында тиісті 889 салық салу нысанына талдаулар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 700 салық салу нысанының құны қайта бағаланды. Оның ішінде: тойхана, қонақ үй, жанармай құю бекеттері, мейрамханалар мен дүкендер бар. Нәтижесінде бюджетке қосымша 60 млн. теңге өндірілді. Қалған 189 нысанның салығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, өткен 8 айда бюджеттің кіріс бөлігі жоспардан 200 млн-ға артығымен орындалып, 3 млрд. теңгені құрады.
Ауданда елді мекендерді абаттандыру, тұрғындарды инженерлік инфрақұрылыммен қамту, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ауданда бүгінгі таңда 55 елді мекен табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 50% құрайды.
Ауданды газдандыру мақсатында депутаттармен, яғни өздеріңізбен біргелікте жұмыс жүргізудің нәтижесінде республикалық бюджеттен 9,8 млрд. теңге қаржы қаралып, 14 жоба құрылысы жүріп жатыр.
Оның ішінде 6 елді мекенде (Жаңа дала, Сейфуллин, Байқоныс, Аль-Фараби, Бейбітшілік, Отан) газдандыру жұмысы толық аяқталып, 10 мыңға тарта тұрғын осы жылы газбен қамтылатын болады.
Жаңа дала, Сейфуллин елді мекендерінің ішкі жүйелерінің құрылысы 2020 жылы, Байқоныс, Аль-Фараби елді мекендерінің ішкі жүйелерінің құрылысы 2021 жылы аяқталған.
Сонымен қатар, 2 газ таратушы станция («Жетісай», «Кирово») құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. Бұл – ауданда газ жетіспеушілік мәселесін толық шешеді.
Бұдан бөлек ағымдағы жылы Қызылқұм ауылдық округіндегі Қарасақал елді мекеніне магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл өз кезегінде жол бойында орналасқан елді мекендерді табиғи газбен қамту мүмкіндігі туындайды.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен бөлінген 7,3 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Соның ішінде Жетісай қаласы осы жылдың соңына дейін толығымен жаңа су жүйесіне қосылады. Ал қалған 3 нысан (6 елді мекен) 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Анықтама: Аудан бойынша 112 елді мекеннің 105-і орталықтанған ауыз сумен қамтылған. 7 елді мекен шалғайда орналасқан.
Аудан электр қуатымен толық қамтылған. Жаңадан түскен көшелерге электр желісін салу және КТП орнату үшін Республикалық бюджеттен 561,2 млн.теңге қаржы қаралды. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенің электір желілері жаңартылуда. Нысан 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, ауданда жалпы ұзындығы 245,7 шақырымды құрайтын 380 ішкі көшелер жарықтандырылған. Үстіміздегі жылы «Жетісай қызмет» МКК тарапынан 41 көшеге, демеушілер есебінен 131 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 2023 жылға жалпы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен 900,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
Аудан бойынша жалпы 365,3 шақырым жол бар. Оның 43,6 км – республикалық, 210,4 км – облыстық, 1011,3 км – аудандық жолдар.
Бүгінге елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60% – ды құрап отыр.
Ауданда жыл басынан бері 26 сенбілік өткізіліп, көп пәтерлі үй маңындағы аумақтар, аулалар, үлкен жолдардың және ішкі көшелердің бойындағы бей-берекетсіз жатқан қоқыстар, ирригациялық жүйелер тазаланды.
Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен:
– Өркенді елді мекенінде футбол алаңының құрылысы;
– Жетісай қаласында спорт сауықтыру кешені;
– Жетісай қаласындағы орталық саябақ реконструкциясы;
– Жетісай қаласында 20 пәтерлі 3 тұрғын үй;
– кезінде құрылыс тоқтап қалған Дайрашев көшесіндегі 300 орындық мектеп құрылысытары жүргізілуде. Барлық нысандар жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Қосымша, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылыстары жүргізілуде. Нысандар 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Ауданда жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда.
«Еңбек» бағыты бойынша 8 айдың қортындысы бойынша 9 600 адам қамтылып, жоспар 101,1% орындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.
2023 жылғы 8 айда 4 489 отбасыға немесе 26 975 адамға 1,4 млрд. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 және 6 жастағы 7 781 балаларына 192,6 млн. теңге қосымша қаржы төленді.
167 отбасыға 29,6 млн. теңге тұрғын үй көмегі берілді.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында өткен жылы елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау қағидаларына сәйкес, 302 маманға 92,5 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы және 72 маманға 330,8 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілді.
2023 жылы БІЛІМ саласындағы көрсеткіштер едәуір өскен. Мектеп бітіреген 2907 оқушының 173-ші алтын белгі, 207-сі үздік аттестат иеленіп, ауданымыз республикада жоғары нәтиже көрсетті. 1219 оқушы грант иегері атанды.
Анықтама: Қазіргі таңда ауданымзда 82 мектеп (73 мемлекеттік, 9 жекеменшік) жұмыс жасайды. Оқушы саны – 47 674.
Мемлекет тарапынан Денсаулық сақтау саласына көңіл бөлініп, соңғы жылдары бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде ауданда 2 аурухана, 2 емхана, 1 қалалық, 1 ауылдық емхана, 3 бастапқы медсанитарлық көмек көрсету бекеті, 16 дәрігерлік амбулатория, 37 ФАП, 9 медициналық бекет тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Ауданда демографиялық өсім бар. 2023 жылдың 8 айында 2615 нәресте дүниеге келді. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 71,2 жыл.
Осы жылы аудандық Жетісай орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге 1,0 млрд. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда Спорт саласын дамыту мәселесі ерекше назарда.
Бүгінгі таңда 3 спорт мектебі және 3 спорт клуб ауданда жұмыс жүргізеді.
Ерекеше атап өтетіні, осы жылы ғана құрылған «Жетісай» футбол клубымыз 2-лига чемпионы болды.
Аудандағы мәдениет үйлерінде 64 үйірме қоғамдық негізде жұмыс жасайды, қатысушылар саны 662 адамды құрайды.
Осы жылы 595 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Әр сенбі күні орталық алаңда ауыл округтерінің мәдениет күндері тұрақты өтуде.
Оларда қамтылған көрермендер саны 50 мыңнан асты.
Қарақай ауылдық округі Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан халқына 1-аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы және 19 ауылдық кітапханалар қызмет етіп келеді.Кітап қоры 337 мың дана. Кітапханаларда 627 іс-шара ұйымдастырылып, оған 15 мың оқырман қамтылды.
Ауданда қоғамдық қауіпсіздік тұрақты бақылауда. 2023 жылдың 8 айында 308 қылмыс тіркелген болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 қылмысқа азайған. Қоғамдық тәртіпті тұрақты бақылау мақсатында жалпы бейне камералардың жұмыстарын үйлестіретін 24 дана камералар бар. Аудандық полиция бөлімінде жедел басқару орталығы орналасқан. Көлік құралдарының жылдамдығын және құқық бұзушылықтарды фото тіркеуге алатын 1 мекен жайға «Сергек», 5 жерде «Мерген» камералары жұмыс істеуде. Бұдан бөлек аудандағы барлық кәсіпкерлік нысандарында 485 дана бейнебақылау камералары орнатылған. Мейрамханалар, кіші дүкендер, монша, дәріханалар, көлік жуу орталықтары, супермаркеттер және т.б нысандар.