2023 жылға қалған 345 млн 234 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың сәуір айында 142 млн. 047 мың. теңге қаржы игерілді. Үстіміздегі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. Республикалық бюджеттен: «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысына» – 250,5 млн. тг (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 24.07.2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды. Бүгінгі күнге нысанды құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» (сыртқы инженерлік желілер) – 245,5 млн. тг бөлініп, бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды аяқтау мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы деп жоспарлануда.
Ауданда негізгі капиталға 485,8 млн.теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 34% орындалды (жоспар 1 366,2 млн тг). Тамақ өндірісіне 134,2 млн теңге инвестиция тартылып, 51% орындалды (жоспар 261,7 млн). 14 390 га егістік жер игеріліп, 100,6% орындалды, (жоспар 14 300 га). 5,2 га жерге тамшылатып суару әдісі енгізіліп, 104% орындалды (жоспар 5 га). 20 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 67% орындалды (жоспар 30). 40 га жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 24% орындалды (жоспар 164 га).
Созақ ауданында ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда 384 млрд. 137 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға немесе 41 млрд. 355 млн. теңгеге артты. Есепті кезеңде аудан экономикасына 57 млрд. 830 млн. тенге инвестиция тартылды. Жергілікті бюджет кірістеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 10 млрд. 8 млн. 844 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 108,2 пайызға немесе 775 млн. 491 мың теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалды. Оның ішінде; трансферттер 2 млрд. 459 млн. 385 мың теңге, өзіндік кірістер 7 млрд. 549 млн. 459 мың теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі 9 млрд. 363 млн. 347 мың теңгені құрап, 99,4 пайыз игерілді. 4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100% орындалды. 10 га қарқынды бау егіліп, тапсырма 100% орындалды. 8 дана 500 бастан жоғары отбасылық құс фермалары ашылып, 33% орындалды (жоспар 24 ферма). Сонымен қатар, 7 604,2 тонна ет, 11 858,3 тонна сүт, 1 866,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 8 айының қорытындысымен ауданда мүйізді ірі қара 41 777 бас, майда мал 324 842 бас, жылқы 32 440 бас, түйе 16 027 бас, құс 38 637 басты құрады.
Созақ ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 122 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 94 азаматтың құжаты 478,2 млн. теңгеге мақұлданып, 72 азамат 335,65 млн.теңге жеңілдетілген несие алды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 72 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 57 азаматтың құжаты 326,96 млн. теңгеге мақұлданып, 19 азамат 112,21 млн.теңге жеңілдетілген несие алды.
Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 104 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер 716 948 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 70945 гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры) 2 016 809 гектар, орман қорының жерлері 1 034 898 гектар, су қорының жерлері 3245 гектар, елді мекендердің жерлері 261 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 799 гектар. «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жерді ортақ жайылымға қайтару бойынша 2023 жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан 120,0 мың га жер учаскесін Созақ аудандық жер қорына қайтару бойынша Облыстық басқарма тарапынан жоспарланып, 2023 жылдың 7 айында 58261 га жер учаскесі аудан қорына қайтарылды.
«Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» – 181,3 млн. тг. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысына» – 2 065,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары басталды. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 300 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күнге мердігер мекеме анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. «Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» – 9 205,3 мың тг. Жобалық-сметалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынғаннан кейін республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын болады.Жалпы аудан бойынша 35 мектеп, 37 балабақша (17 мемлекеттік, 20 жекеменшік) жұмыс атқаруда. Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 1 540 бала мектепке қабылданып, жалпы 15 433 оқушыны құраған болатын.
2022-2023 оқу жылында 937 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 52 оқушы «Алтын белгі» белгісін және 90 оқушы үздік аттестат иеленді. Мектепті аяқтаған 937 оқушының 779-ы (грант-417, ақылы-352. Шет елге-10 оқушы) ЖОО-ға оқуға түссе, 108-і АОО-ға оқуға (грант-69, ақылы-39) түсіп отыр. Оқуға түспей жұмыспен қамтылғаны-42, әскерге кеткені – 7, қайтыс болғаны-1. 2023-2024 жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 1546 бала қабылданып, жалпы оқушы саны – 15 526-ы құрап отыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу межеленген. Қазіргі таңда, 2-6 жас-99,6%, 3-6 жас – 100% құрады.