Бүгінде ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін жандандырып отырған азаматтардың саны артуда. Соның бірі Созақ ауылының тұрғыны Джамила Айдарбекқызы «Елжан цехы» Жеке кәсіпкерлігі атынан «Ауыл аманаты» бағдарламасының 6-шы бағыты негізінде үй іргесінен жүн, мақта өнімдерін қайта өңдеп, қолданысқа дайындау және тігін саласын жандандыруға 5 200 000 теңге 2,5% несиеге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпкер қол жеткізген несиеге заманауй үлгідегі тігін құралдарын алып, нәсібін ұлғайтуда.
– Ең алғаш бұл саланы осыдан 15 жыл бұрын үйреніп, 10 жылға тарта басқа кәсіпкердің қарамағында жұмыс жасадым. Соңғы 5 жылда өз алдыма бөлек тігін машинасын алып, жеке кәсібімді бастадым. Қолданыстағы тігін машиналарым ескі болғандықтан жұмысым баяу болды. Уақыт өте бұл салада кәсіби маман ретінде жұмыс істеуді ұйғарып, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, заманау үлгідегі тігін құралдарын алуды шештім. Небәрі 20 күннен астам уақытта несиеге қол жеткізіп, қажетті құралдарды арнайы тапсырыспен алдырдым. Нәтижесінде жұмысым едәуір жеңілдеп, бұл салаға қызығушылығым арта түсті. Бүгінде сұраныстың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар тарапынан түседі. Халықтың арқасында табыс тауып отқан соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, көптің көңілінен шығуға тырысамын,-дейді кәсіп иесі.
Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 269 азаматтың құжаты қабылданды. 208 азаматтың құжаттары 1 147, 225 млн теңгеге мақұлданып, 169 азамат 928, 560 млн.теңге жеңілдетілген несие алды.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы»-на «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыс аумағында жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 4 мың 60 өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3690-ы қаралып, жалпы 90 пайызға жуығы мақұлданды. Ал Сауран ауданында 4 ауылдық округ таңдалған. Мұнда 260 жоба бойынша өтініш түссе, оның 174-і жүзеге аспақ. Өңір басшысы Сауран ауданы, Ескі Иқан елді-мекенінде де болды. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты «Сауран сүт» сүт өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге. Жылына 3,6 мың тонна сүт өнімдері шығады деп жоспарланған. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлер өнімдерін Түркістан және Қызылорда облыстарына өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Ескі Иқандағы спорт мектебіне барды.Онда жас спортшылармен кездесіп, мекеме жанынан салынып жатқан 200 орындық жатақхананың құрылысын аралап көрді.Іс сапар соңында аудандағы «Авиценна» медициналық орталығына да ат басын бұрды.Заманауи орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Аудан әкіміне елді мекендерді дамыту жөнінде тапсырма берді.Жалпы Ордабасы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Биыл 17 сәуір айынан бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.