Сонымен қатар, Президентіміздің тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Шолаққорған ауылынан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне 900 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары баталды. Сондай – ақ, Ыбырай ауылынан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мектептерді қысқы маусымға дайындау мақсатында жылыту жүйелерін шаю және қысымдау-сығымдау жұмыстары толық аяқталған. Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары 5941 бала ыстық тамақпен қамтылуда.
«Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аудандағы мекемелерге хат жіберіліп, республикалық акцияға қатысуға арнайы хат берілген болатын. Қазіргі уақытта, бюджеттік мекемелер тарапынан 122 бала, қосымша демеушілер есебінен 732 бала, жалпы 854 балаға жәрмеңке аясында көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 18 тамыз күні арнайы «Оқушы формасы мен мектеп жабдықтары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда аудан кәсіпкерлері мен шымкент қаласынан арнай келген кәсіпкерлер арзандатылған мектеп формалары мен мектеп жабдықтарын сатты.
Ұлттық жобалар шеңберінде 2 655 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 72 пайызға орындалды (оның ішінде: «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 130 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланып, бүгінгі күнге 60 жаңа жұмыс орны ашылды; «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы бойынша 1281 жұмыс орны ашылу жоспарланып, 1241 жұмыс орны ашылды; 1371 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа жіберу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 704 адам жолданды;
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес 714 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 590 жаңа жұмыс орны ашылды). Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. 2023 жылы 1 рет жәрмеңке өткізіліп, барлығы 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.
Созақ ауданында қазіргі таңда 39 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Олар 16 мәдениет үйлері мен клубтар болса, 23-і кітапханалар.Биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін 3 мәдениет мекемесіне аудандық бюджеттен қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар:
Созақ ауылдық мәдениет үйі /ағымдағы жөндеу/
Жартытөбе ауылдық клубы /жылу жүйесіне жөндеу/
Жуантөбе ауылдық клубы /жылу жүйесіне жөндеу/
Сондай-ақ, Ақсүмбе ауылдық клубын ағымдағы жөндеу және Шу ауылдық клубының жылу жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге сметалық құжаттар әзірленді. 2023 жылы Тасты ауылынан 75 орындық ауылдық мәдениет үйін салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. 2023 жылы материалдық техникалық базаны нығайтуға 2 807,0 мың теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы құны 16 155,0 мың.теңге тұратын «Next A65R33» «Газель» маркалы автокөлігі «Мыңжылқы» мәдениет сарайының теңгеріміне берілді.
Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 198 спорттық нысандар жұмыс жасайды. 2021-2022 жылдары аудан аумағында 6 балалар ойын алаңшасы, 7 кіші футбол алаңшалары және 6 стрит воркаут алаңшасы салынған. Нәтижесінде, ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны бүгінгі таңға 26 мың адамнан асып, аудан халқының 41%-ына жетті.
Ауданда биылғы 2023 жылы Бабата ауылынан демеушілер есебінен төбесі жабық үлгідегі кіші футбол алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 6 спорт нысанының құрылысы бастау алды.
Атап айтқанда:
– Қаратау ауылында жергілікті бюджет есебінен жабық кіші футбол алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан биылғы жылдың қыркүйек айында тапсырылады.
– Созақ ауылынан республикалық бюджет есебінен 1000 орындық жаңа стадионның құрылысы басталып, 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Шолаққорған ауылының Әбуов көшесіне демеушілер есебінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңшаларының құрылысы басталып, 2023 жылдың 23 қыркүйек күні пайдалануға берілді.Шолаққорған ауылының Спатаев көшесінен демеушілер есебінен балалар ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңшаларының құрылысы басталып, 2023 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жыл соңына дейін құрылысы аяқталады деп күтілуде. Денсаулық сақтау саласы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген, 2021-2025 жылдарға арналған “Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы іске асырылуда.
Аудан халқына 28 емдеу мекемесі (1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 МСАК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 13 МП) қызмет көрсетеді. 2023 жылы диспансерлік есепте тұратын науқастар 181 млн. теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді. Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі түрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда.
2023 жылдың 7 айында 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 38,6 пайызға төмендеген. Ал, туберкулезден болған өлім көрсеткіші өткен жылы да, биыл да тіркелмеді. Денсаулық сақтау саласының әрбір көрсеткішін төмендету бойынша алдын алу шаралары атқарыла беретін болады.