Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде жаңа технологиямен құлпынай өсіріліп жатыр.
Заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер Аширафи Шимбергеновтың 10 жылдық тәжірибесі бар. Ол Италия және Голландия мемлекеттерінде осы саладағы кәсіби мамандармен тәжірибе алмасқан.
Қазіргі таңда, 15 тұрақты, 40 маусымдық түрде тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. Ол күннің нұры және арнайы тігілген көрпешелердің жылуы арқылы өсіріледі.
Жеке кәсіпкердің шаруасымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі жаңа жұмыс орындарымен толығып келе жатқаны игі іс екенін атап өтіп, қолданып жатқан жаңа үлгідегі құлпынай өсіру әдісін әрі қарай дамыту жолдарын бірге талқылады.
Айта кетсек, аудан басшысы Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, Ердәуіт елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысы жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Айта кетсек, осыған дейін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың наурыз айында өткен халықпен кездесуіндегі Дарбаза ауылдық округ тұрғындарының өтінішін жол картасына енгізген болатын.Тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан басшысының тапсырма орындалуда.
Қазіргі таңда, Ердәуіт елді мекеніндегі спорт алаңшасына мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп,тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген.
Спорт алаңшасының жай-күйін бақылаған аудан басшысы ауылдық округ әкіміне бірқатар ескертпелер беріп,аталған кемшіліктерді мерзімінде қалпына келтіруді, мердігер мекеменің орындауын бақылауды жүктеді.
Айта кетсек, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы»-на «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыс аумағында жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 4 мың 60 өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 3690-ы қаралып, жалпы 90 пайызға жуығы мақұлданды. Ал Сауран ауданында 4 ауылдық округ таңдалған. Мұнда 260 жоба бойынша өтініш түссе, оның 174-і жүзеге аспақ. Өңір басшысы Сауран ауданы, Ескі Иқан елді-мекенінде де болды. Қазір мұнда ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне қарасты «Сауран сүт» сүт өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге. Жылына 3,6 мың тонна сүт өнімдері шығады деп жоспарланған. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлер өнімдерін Түркістан және Қызылорда облыстарына өткізуді жоспарлап отыр.