Төлеби ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10,4 мыңға жетіп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан таулы аймақ болғандықтан туризм саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыруымыз қажет. Ауданда демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 140 бірлікке жетіп отыр. 2022 жылдың 8 айында 21256 демалушыларға қызмет көрсетіліп 460 млн теңгенің қызметін көрсетіп облыс көлемінде 2 орында. (2022 жыл 8 ай 19 174 демалушы). Ауданда туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан құны 3.6 млрд теңгеге 7 туристік нысандар ашылды. Атап айтсақ:
– Қасқасу ауыл округінде «Кіші Европа» демалыс аймағы, құны 200 млн. теңге, 8 жұмыспен қамтылды;
– Ақмешіт шатқалында К. Ысқақовтың демалыс аймағы, құны 352 млн. теңге, 10 жұмыспен қамтылды;
– «ALMA-TAU» демалыс орнындағы спорттық сауықтыру кешенінде қонақ үй мен спорт кешені құрылысы ашылды. Құны 2 млрд 539 млн. теңге, 30 жұмыспен қамтылды;
– Нысанбек елді мекенінің жоғарғы жағында жеке кәсіпкер Г.Файзиеваның демалыс аймағы ашылды, құны 240 млн. теңге, 8 адам жұмыспен қамтылды;
– Алатау ауыл округінде жеке кәсіпкер Х.Назарованың демалыс аймағы іске қосылды, құны 90 млн. теңге, 6 адам жұмыспен қамтылды;
– Қоғалы ауылдық округінде құны 50 млн. теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем алуда. 6 адам жұмыспен қамтылды;
– Зертас ауылдық округінде құны 130 млн. теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылып. 10 адам жұмыспен қамтылды. Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 млн. теңге болатын демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекраециялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін осы салаға құны 4,5 млрд теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу жоспарлануда.(2022 жылы 41488 демалушы).
Бүгінгі күннің басты міндеті – жаңа кәсіпорындарды ашып, жаңа жұмыс орындарын құру, ауданға инвестициялар тарту. Бұл бағытта Ленгір қаласында «KAZPLAST» компаниясы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа тігін цехының құрылысын бастады.Келесі жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы – жылына 90 мың қысқы арнайы жұмыс киімдерін тігу. Нәтижесінде 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Төлеби ауданында тұрғындардың 76 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы тұрғындарымызды қолдау үшін биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Ауданда бағдарлама аясында Киелітас, Көксәйек ауылдық округтерінің азаматтарына несие беру жоспарланған болатын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұранысы бойынша, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің азаматтары да аталған бағдарламаға енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге ауданға жоспарланған 1,3 млрд теңгенің, 1,1 млрд теңгесіне құжаттары тапсырылып оның 479 млн. теңгесіне 83 азаматтың жобалары қаржыландырылды.
Төлеби ауданында экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Биылғы жылы Төлеби диқандары (үй іргелік жерді қоса есептегенде) 65,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 22,1 мың гектары астық, 100 гектары ноқат, 5 гектары дәндік жүгері, 10,8 мың гектары майлы дақылдар, 29,3 мың гектары жоңышқа, 1,2 мың гектарына картоп және 1,8 мың гектарына көкөніс егілді. Бұл салада негізгі жүзеге асатын ірі жобаларға тоқталсам. Көксәйек ауылдық округінде «ADS AGRO» компаниясы 600 млн. теңге несие алып, жылқы басын 1 800-ге жетікізіп, бордақылауда. Ет өнімін вакуммен орау және мал етінің сүйегінен ұнтақ шығару қондырғыларын орнатты. Бүгінде ауданда ағын су тапшылығы күн санап артуда, осы мәлелені шешу мақсатында Кемеқалған ауылдық округінде 13 гектар жерге сыйымдылығы 1 мың текше метрді құрайтын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы басталды (200 млн. теңге бөлінді, жалпы құны – 1 123 млн. теңге). Тоған іске қосылғанда суармалы жер көлемі 350 гектарға ұлғайып, Абай елді мекенінің жерлерін ағын сумен қамтиды.
Төлеби ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі былтыр 8 айда 27,6 млрд. теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш 31,2 млрд. теңгеден асты (2023 жыл жоспар 46 млрд теңге). Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі былтыр 8 айда 25,6 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылы 11,7 пайызға артып 28,6 млрд. теңгеге жеткен (2023 жыл жоспар 42 млрд теңге). Аудан, қалалардың кесіндісінде Төлеби ауданы өнеркәсіп саласы бойынша 3 орынға жетіп отыр.
Төлеби ауданында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары ашылып, кәсіпорындардың өнім көлемдері артып, туристік нысандардың саны өсуінен ауданның өзіндік кірістері де артуда. Нәтижесінде, өзіндік кірістер 8 айында 2 млрд. 146 млн. теңгені құрап 18,2 пайызға немесе 392 млн. теңгеге артты. Ал жыл соңына дейін 3 млрд. 673 млн. теңгеге жетеді. Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізетін болады.Төлеби ауданына ағымдағы жылдың 8 айында негізгі капиталға 20 млрд. теңге инвестиция тартылды (2022 жыл 8 ай 10,8 млрд теңге), (жыл соңына дейін 28,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған). Сонымен бірге, бұл мәселені өзектендіру мақсатында, алдағы 3 жылда 27 млрд. теңгеге 26 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды. (құс өсіру, құрама жем өндіру цехы, жеңіл өнеркәсіп (арнайы киім тігу), демалыс және т.б. сауда орындары ашылу жоспарланған. 346 жаңа жұмыс орны). Төлеби ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылдың 8 айында 7,1 пайызға өсіп, 3,3 млрд. теңгеге жетті (2022 ж.8 ай – 3,1 млрд. теңге).
Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың 8 айында 87 млрд. теңгеге жетіп былтырғы жылмен саластырғанда 11 пайызға өсті. (2022 жыл 8 ай – 77 млрд.теңге). Жалпы өңірлік өнімнің құрылымы бойынша былтыр 38 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 37 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 6 пайызы тиесілі болды. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 716 мың теңге болып отыр (2022 жылдың 8 айымен салыстырғанда 113%-ға жоғары).