Есепті мерзімде құрылыс көлемі 7,7 млрд.теңге болып НКИ 103,5% құрады. Жыл қорытындысымен құрылыс көлемін 16,3 млрд.теңгеге немесе НКИ 104% жеткізу жоспарлануда.
2022 жылдан 2023 жылға өтпелі конкурстық құны 786,2 млн.теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 2-і пайдалануға берілсе, 3 нысан 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Олар:
1) «Жаушықұм ауыл округі, Жаушықұм ауылында мәдениет үйінің құрылысы» нысаны. Нысан осы жылдың қазан айының соңында пайдалануға беріледі. Конкурстық құны – 397,0 млн. теңге.
2) «Қоссейіт елді мекеніне инженерлік инфрақұрылымының құрылысы (Сумен жабдықтау және электр желілерінің құрылысы
2 нысан)» нысаны. Нысандар осы жылдың қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі. Конкурстық құны – 69,0 млн. теңге.
3) «Ұзын-Ата ауылдық округі, Н.Сапаров көшесі, № 20 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттың құрылысы» нысаны. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Конкурстық құны – 117,2 млн. теңге. келесі
4) «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 2-кезең)» нысаны. Нысан осы жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Конкурстық құны – 203,0 млн. теңге.
Ал, 2023 жылы конкурстық құны 253,8 млн.теңгені құрайтын «Шардара қаласы 4-ші мөлтек ауданына инженерлік инфрақұрылым құрылысы (су желісі 3-кезең)» нысанының құрылысы жүргізілуде. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.
Жыл басынан бері 18,1 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілсе (132,9%), жыл қорытындысымен бұл көрсеткішті 20,7 мың ш.м жеткізу жоспарлануда. Халықтың осал тобына жататын 100 отбасына пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға Республикалық бюджеттен 960,0 млн.теңге бөлінді. Пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсан айы.
Шардара ауданындағы 25 елді мекеннің 18 елді мекені ауыз сумен қамтылған.(ауыз сумен қамтылу деңгейі 95,97%). 7 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған. (Пішентөбе, Құйған, Бағыскөл – Қуанқұдық, Бозай, Беймырза, Шабырлы). Бүгінде Ұлттық қор есебінен «Қызылқұм ауылының ауыз су беру торабы құрылысы» жүргізілуде. Нысан осы жылдың желтоқсан айының соңында пайдалануға беріледі. Жоба аяқталған кезде аудан бойынша құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі 98,0% құрайтын болады.
Шардара қаласының тұрғындары ауыз суды Шардара су қоймасынан (ашық көзден) пайдаланады. Жылдың шілде-қыркүйек айларында су қоймадағы судың деңгейі төмендеп, сапасы мүлдем нашарлайды. Мәселені шешу үшін Шардара қаласынан 30 шақырым қашықтықта, құмның ішінде орналасқан су қоры жеткілікті, су сапасы сынақтан өткен, «Тама» ұңғымасы жер асты суы анықталды. Жергілікті бюджет есебінен 30 млн. теңгеге ЖСҚ-ы мен ТЭН-і дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 16,9 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылды. Аудандағы 25 елді мекеннің 9 елді мекені және Шардара қаласындағы 9 шағын аудан табиғи газ жүйелерімен қамтылған (қамтылуы 77 %), 6 елді мекен экономикалық тұрғыда тиімсіз болып танылған. (Бағыскөл, Арнасай, Пішентөбе, Бозай, Бимырза, Шабырлы). Бүгінгі таңда Шардара қаласындағы 5 шағын ауданды және 2 ауылдық округтегі 3 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан халқының 97,7% табиғи газбен қамтылады.
Шардара қаласы тұрғындарының 27% кәріз жүйелерімен қамтылған (қолданыстағы канализция желісінің ұзындығы 36 шқ). Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құны 906,9 млн.теңгені құрайтын қаланың Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағын аудандарының кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Нысан пайдалануға берілген соң қала тұрғындарының 51% сарқынды су желісімен қамтылатын болады (қосымша 31 шқ желі іске қосылады).
Алдағы 2024-2026 жылдары Шардара қалсының тұрғындары толықтай сарқынды су желісімен қамтылатын болады. (2022 жылы 486,7 млн.теңге, 2023 жылы 420,2 млн.теңге қаралған).
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 719,5 шқ, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайда 84,3% құрап отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 87,0% жеткізу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға ағымдағы жылы 1164,1 млн.теңге қаржы жоспарланған.
Аз қамтылған 556 отбасыларға немесе 3776 адамға 169,7 млн.теңге (АӘК) атаулы әлеуметтік көмектер төленді.