Түркістан облысының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан табиғаты шырайлы Шардара әлеуеті жағынан өте жоғары аудан саналады. Мұнда жағажай туризмін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Алайда аудан мен ауылдарды дамыту жұмыстары қарқынды дамып келеді. Бұлай дейтініміз ауданда бірқатар кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, қазіргі таңда олардың біразы қолданысқа берілген. Шежірелі Шардара – қойнауы қазына, жері құтты мекен, облыстың оңтүстік бөлігіндегі қарқынды дамып келе жатқан аудан. Тарихы тереңде жатқан өңірде балығы тайдай тулаған, шағаласы шаңқылдап көк аспанда ойнаған Шардара су қоймасы бар. Бұл – өңіріміздің көз қуанышы, еліміз үшін стратегиялық нысан.
Осы уақыт аралығында аудан экономикасын дамыту үшін жан-жақты талдаулар жүргізілді. Ауданның ішкі потенциалын ескере отырып, атқарылатын жұмыстардың 4 басым бағыттары айқындалды. Атап айтқанда: Балық шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін дамыту. Ауылшаруашылығы және туризм салаларын дамыту. Жүзеге асыру үшін бірқатар мүмкіндіктері бар. Мәселен, арзандатылған электр энергия
(11 теңге 1 квт/сағ), жер және су қорының жеткілікті болуы, Жаушықұм массиві, Шардара су қоймасы, Қызылқұм магистралды каналы, табиғи газбен қамтылуы, жұмысшы күшінің жеткіліктілігі, туристік тартымдылық және т.б.
Балық шаруашылығын дамыту. Бүгінгі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 420 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыттар жылына 5600 тонна балық өнімдерін өңдеп, 5,5 млрд. теңгенің өнімін экспорттайды. Жұмысшыларының орташа жалақылары 200 мың теңгені құраса, мемлекет кірісіне шамамен 600 млн.теңгедей салық төлейді. Шикізаттың 90 % астамы (4880 тн) өзге өңірлерден тасымалдануда. Сырттан тасымалданатын шикізатқа тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімділікті артыру мақсатында өткен жылы құны 380 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 770 тонна балық өнімдерін өндіретін және 33 адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба жүзеге асты:
Олар: ЖК «Томай» инкубациялық әдіспен балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Байқошқаровтың» инкубациялық әдіспен және тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). «Молдияр» ЖШС торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «М.Бекарыстанәлі» торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Әлібаев» тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).
Ал 2023 жылы қуаттылығы жылына 1700 тонна балық өнімдерін өндіретін және 87 адамды жұмыспен қамтитын
1710 млн. теңгеге 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске асқан жағдайда 120 млн.теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 200 мың теңге құрайды.
Нақтырақ айтсақ, ЖК «Т.Жалғасбаевтың» балықтан жем және май дайындау жобасы.
«Vita» ЖШС-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.
ЖК А.Байқошқаровтың инкубациялық цех салу жобасы.
«Хамит» АӨК-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы.
ЖК «Томайдың» балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Әлібаев Асан» тоғанда балық өсіру жобасы. «Молдияр» ЖШС-нің тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК Б.Смайыловтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы. ЖК «Қарақаттың» тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «М.Базыловтың тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «Ж.Жақсылықтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы.
ЖК «Томайдың» инкубациялық әдіспен балық өсіруді кеңейту жобасы ( қуаттылғын 500 тоннаға дейін арттыру).
Жоғарыда айтып өткеніміздей ауданның балық шаруашылығын дамыту бағыты қарқынды. Былтырғы жылы тұрғындар осы салаға субсидияларды қарастыруды сұраған болатын. Облыстық бюджеттен осы мақсатта биыл 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 млн. теңге бөлінді.
Ауданның өнеркәсіп көлемі биыл 17,6 млрд.теңгені құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 млрд. теңгеге артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 35,5 млрд. теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 5,8 млрд. теңгеге ұлғайды. Құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жаңа инвестициялық жобалар (күрішті терең өңдеу цехы, инкубациялық цехтар және т.б.) іске асырылып, 118 жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы жылы 3,6 млрд. теңгеге 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Яғни, тігін фабрикасы, мақтаны өңдеу және май шығару зауытының құрылысы және өзге де жобалар бойынша 200-ден астам жұмыс орны ашылады.
Биыл 2023 жылы құны 860 млн. теңгені құрайтын, 98 адамды жұмыспен қамтитын 8 жоба жүзеге асады. Жоба іске асқан жағдайда 91 млн.теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 180,0 мың теңгені құрайды.
Олар: ЖК С.Мамбетовтың тауарлы сүт өнімін өңдеу, құрт шығару цехы.
ЖК Е.Досмамбетовтың ешкі сүтін өңдеу жобасы. ЖК Д.Бектасовтың бетон өнімдерін шығару зауыты. ЖК Н. Қоянбаевтың наубайхана және кондитерлік өнімдер шығару жобасы. ЖК А.Надирбековтың тұрмысқа қажетті химиялық заттарды шығару жобасы. ЖК Т.Жалғасбаевтың балықтан жем және май дайындау жобасы. ЖК Тоқбайдың еврозабор, брусчатка құрылыс материалдары шығару жобасы.