Келес ауданында жаңа білім ошағын ашу мәселесі тұрғындармен кездесулерде көтерілді. Бүгінде ауданда бірқатар елді мекенде түйткілді мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Соның бірі – Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің қосымша 300 орындық мектеп ғимараты салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тас шағал төселіп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңақоныс елді мекенінің ішкі көшелеріне, Қарабура елді мекенін Б.Момышұлы көшесіне орта жөндеу және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Биыл Қарабура елді мекені табиғи газға қол жеткізсе, Бесқұбыр ауылындағы емхана қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшірілді. Алдағы уақытта Жаңақоныс, Бесауыл ауылдарының ішкі көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Алғабас елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылауда. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық, Бірінші Мамырда – 900 орындық жаңа мектептердің жобалары ұсынылды. Келесі жылы үш мектеп пайдалануға берілсе, ал 2025 жылы бір мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Аудан басшысы Төлеген Телғараев Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде құрылысы басталған нысанның жұмысымен танысып, мердігер өкілдеріне сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді. 900 орындықты білім ордасының құрылысын мердігер «Умирзак» ЖШС жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. 3.0 га аумақты құрайтын мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Мұнда қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықталатын болады. Аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы толығымен жүзеге асқан жағдайда жаңа форматтағы мектептегі оқушылардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып, білім сапасы артады деп жоспарлануда.