basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын бір кездердегі құлазыған шөл дала қазір адам танымастай болып өзгерген. Тың жерлер игеріліп, бүгінде сол шөлді аймақ гүлденген мәдениет пен рухани кемелділіктің, жанкешті еңбектің биік үлгісін көрсете білген азаматтадың отанына айналған.
Міне, осынау қажырлы еңбектің нәтижесінде күн санап көркейіп келе жатқан Түркістан облысының 5 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Қала күні» мерекесін Жетісай жұртшылығы өз деңгейінде атап өтті.
Түркістан облысының 5 жылдығы мен Жетісай қаласының 54 жылдығына арналған мерекелік шараға аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, аудандық мәслихат депутаттары, қала, кент ауылдық округ әкімдері мен қала тұрғындары қатысты.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар мен өз салаларында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар, ұрпақ тәрбиесінде, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты сақтауда өнеге болып жүрген ардагерлер, қала жанашырлары мен қоғам белсенділері алғыс хаттармен марапатталып, құрметке бөленді.
Жетісай қаласының орталық алаңында түрлі баспалардың кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, жас спортшылар арасында спорттық ойындардан сайыстар өткізілді.
Қадымшалап айтқанда Тұран ойпатындағы немесе Мәуреннахр өлкесінен, бүгінгі күн тілінде Мырзашөл төсінен орын тепкен, «Менің қалам» деп мақтаныш етуге тұрарлық мәдениет пен ғылымның ортақ мекеніне айналған Жетісай қаласындағы салтанатты шарада бауырсақ фестивалі, қаладағы мейрамханалар арасында ұлттық тағамдар, мектеп ұстаздары мен оқушыларының қолөнер бұйымдарының көрмелері ұйымдастырылып, аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концерт көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, өткен ғасырдың екінші жартысында қала статусын алған Жетісай үшінші мың жылдықтың үшінші он жылдығына үлкен жетістіктермен қадам басып келеді. Қаладағы экономикалық салаларда ғана емес, саяси-қоғамдық өмірде де түбегейлі реформалар жүзеге асуда.

Previous Post

Өзбекстан астанасында «Киелі Түркістаннан – тарихи Ташкентке» әдеби-мәдени шарасы өтті

Next Post

АРЫСТА ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАЙТЫН «ӘЗ ТӘУКЕ ХАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі