basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫСТА ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАЙТЫН «ӘЗ ТӘУКЕ ХАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫСТА ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАЙТЫН «ӘЗ ТӘУКЕ ХАН» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қасиетті жұма күні Арыс қаласының іргесінде «Әз Тәуке хан» қарилар даярлайтын орталық ашылып, мұсылман қауымын қуанышқа бөледі. Жергілікті азаматтар мен қайырымды жандар демеушілік жасаған медресенің ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Діни басқарма делегациясы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, елімізге белгілі имамдар мен дін ғалымдары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысып, жүрекжарды тілектерін арнады.
Қасиетті Құран аяттарымен басталған ізгі шарада Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа кешеннің ашылуымен барша жамағатты құттықтады.
«Бүгін, Арыс қаласында қасиетті жұма күні жаңадан бой көтерген мешіт жанындағы Құран жаттау орталығы ел игілігіне беріліп отыр. Осы орталықтан имандылыққа ұйыған жастар ертең-ақ халыққа қызмет етіп, дініміз бен дәстүріміздің кеңінен дәріптелуіне үлес қосады деген сенімдемін. Құтханамыз құтты болсын, ағайын» деген ізгі ниетін жеткізді.
Қарилар орталығының ашылуына сөз алған қала әкімі Гүлжан Мамытқызы мен өңірдің құрметті азаматтары және зиялы қауым өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
Бұдан кейін, қала әкімі құрметті қонақтармен бірге жаңа ғимаратпен танысып, ішін аралап көрді.
Арыс қаласында тұңғыш рет ашылған қыздар медресесі 5 қабаттан тұрады. Мұнда 300 орынға лайықталған жатақханасы бар. Жас қариларға құран жаттап, білім алуға барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Талапқа сай жабдықталған орталықта дәрісхана, кітапхана, асханасы бар. Бұдан бөлек, болашақ қариларға дене шынықтырып, спортты да серік ету үшін спорт залмен қамтылған.
Дәл осы қыздар медресесі жанына 300 орынға лайықталған ұлдарға арналған орталық аяқталуға жақын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде.
Ізгі шара барысында қадірлі қонақтар жаңа ислам орталығы жанынан ашылған адал мейрамхана ішін аралап көрді. Мұнда жаңа мешіт пен қарилар орталығының ашылуына орай құран оқылып, үлкен ас берілді.
Сәулеті келіскен заманауи үлгідегі мейрамхана 500 адамға арналған. Бір ерекшелігі, бұл жерден түскен табыс жаңадан бой көтерген мешіттің жарық пен суын, сондай-ақ ұлдар мен қыздар медресесінің шығындарын өтеуге жұмсалады.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

КЕЛЕС: ОШАҚТЫДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТУДА

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі